Мектеп сыныптарында әлеуметтік арақашықтық сақталмауы мүмкін

1335

Жаңа оқу жылында білім беру қалай өтетіні жоспарланды. 

Мектеп сыныптарында әлеуметтік арақашықтық сақталмауы мүмкін

Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова коронавирустік пандемияға байланысты 1 қыркүйекте мектепке баратын балалардың сынып бөлмесінде әлеуметтік арақашықтықты сақтау мәселесіне қатысты пікірін білдірді.

"Алдағы оқу жылының бірінші тоқсанында коронавирустік ахуал қалай болатынын білмейміз. Әзірге бұрынғыдай дәстүрлі түрде оқытуды жоспарлап отырмыз", – деп мәлім етті комитет төрайымы.
Сонымен қатар, Майра Мелдебекова сыныптардың толымы туралы да айтып өтті. Ережеге сәйкес, сыныптағы бала саны 25-тен көп болмауы керек. Алайда біздегі мектептерде оқушылар көп болып, белгіленген нормадан асып жатады. БҒМ өкілінің сөзінше, бұл мәселені кезең-кезеңмен жергілікті атқарушы органдар шешуге тиіс.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу