"Қорытынды аттестаттауды үш пән бойынша тапсырады: оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан; өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан",– деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.
Ал 11-сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 1-10 маусым аралығында өтеді.
"Мектеп бітірушілер төрт пән бойынша емтихан тапсырады: оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан; Қазақстан тарихынан тестілеу; өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу",– дейді ведомстводан.
Айта кетсек, биыл елімізде оқу жылын 3,4 млн-нан астам оқушы аяқтап жатыр. Олардың ішінде 150 мыңға жуығы – 11-сыныпты, 270 мыңға жуығы 9-сыныпты бітіреді.