Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл қанша түлек ұлттық бірыңғай тест тапсыратынын жариялады.
Министрдің мәлімдеуінше, 17 - рет өткізілейін деп отырған білім бәсекесінде күні бүгінге дейін 2 миллионға жуық түлек бақ сынаған. Былтырдан бері ҰБТ жылына 4 рет: қаңтар, наурыз, тамыз айларында ұйымдастырылып келеді. Түлектер 3 міндетті және 2 бейінді пән бойынша сынақтан өтеді. Биыл ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш 15 сәуірден 10 мамыр аралығында қабылданды.
"Биыл өтініш қабылдау алғаш рет онлайн форматта өтті. Тек интернет жоқ өңірлердің түлектеріне ғана құжатты дәстүрлі форматта тапсыру мүмкіндігі берілді. 111 109 оқушы немесе түлектердің 82%-ы ҰБТ тапсыруға өтініш берді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11% немесе 15 мыңға жуық адамға көп. Биыл алдыңғы жылдарда мектеп бітірген түлектерді қосқанда барлығы 131 755 адам тест тапсырады" , – деді Асхат Аймағамбетов.
Қанат Махамбет