Мектеп ұжымы офлайн соңғы қоңырауды 6 адаммен атқарады

1164

Екі күннен кейін еліміздің барлық мектептерінде дәстүрлі соңғы қоңырау өтеді. 

Мектеп ұжымы офлайн соңғы қоңырауды 6 адаммен атқарады

Салтанатты шара 1-10 сынып оқушылары үшін онлайн, бітіруші түлектер үшін офлайн форматта ұйымдастырылады. 

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының хабарлауынша, шара шеңберінде санитарлық-эпидемиологиялық талап қатаң қадағаланады, деп хабарлайды inbusiness.kz

"1-10 сынып оқушыларының соңғы қоңырауы онлайн форматта сынып сағаты түрінде болады. 11 сынып оқушылары үшін Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұсынымына сәйкес ашық аспан астында, мектеп ауласында, дәстүрлі форматта өткізіледі. Бұл ретте санитарлық-эпидемиологиялық талаптың сақталуына ерекше назар аударылады", – деп мәлімдеді қалалық білім басқармасының мамандары. 

Белгілі болғандай, мектеп аумағына қашықтықты қамтамасыз ететін арнайы белгі қойылды. Салтанатты шараға түлектердің ата-аналары немесе заңды өкілдері қатыса алады. 

Мектеп ұжымы соңғы қоңырауды толық құраммен емес, 6 адаммен атқарады. Шараның ұйымдастырылуы мен өткізілуіне бұдан артық адам қатыстыруға тыйым салынған. 

Офлайн соңғы қоңырау маска және 2 метр қашықтық сақтау режимінде өтеді. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу