Өңірлерде кеңсе тауарлары 30%-ға қымбаттады

1322

Шілдеде, орташа есеппен, кеңсе тауарларының бағасы 12,3%-ға өсті, деп жазады деп жазады inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме беріп.

Өңірлерде кеңсе тауарлары 30%-ға қымбаттады

Түркістан облысында тұрғындар қалтасына өте ауыр салмақ түсті. Баға 50,1%-ға өскен. Атырау (31,1%), Ақмола (14,7%) облыстарында және Алматы қаласында (14,5%) да айтарлықтай қымбатшылық бар.

Өсу көрсеткіші жөнінен Жамбыл облысы артта – 1,2%. Бұл, әрине, өзге өңірлермен салыстырғанда халыққа жеңілірек.

Сурет салуға арналған альбомдар бір жылда – 14,1%-ға, шарикті қаламдар – 13,2%-ға, түрлі түсті қарындаштар жиынтығы – 12,1%-ға, дәптерлер – 12%-ға, А4 форматындағы қағаз 10,6%-ға қымбаттады.

Сонымен бірге мектепке дейінгі білім беру қызметтері бір жылда – 7,1%-ға, орта білім беру – 6,8%-ға, кәсіптік орта білім беру –11,7%-ға, жоғары білім беру – 17,7%-ға, ересектерге арналған білім беру 10,7%-ға қымбаттады.

Өңірлік бөліністе білім беру қызметтеріне бағаның ең жоғары өсуі Атырау (50%), Павлодар (19,4%) және Шығыс Қазақстан (19,1%) облыстарында байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу