АҚШ-тың Мичиган штатында мектеп оқушысы сыныпқа қолдан жасалған бомба әкеліп, оны байқаусызда жарып алған, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы жергілікті полицияға сілтеме жасап.
Жарылыс салдарынан кем дегенде бес оқушы мен бір мұғалім түрлі деңгейде жарақат алды.
Оқиға Ньюейго ауылында болған. Тергеудің алдын-ала нәтижелеріне сүйенсек, 16 жастағы мектеп оқушысы жарылғыш затты өзі үйде жасап, мектепке әкелген. Жарақат алған ол қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Мектеп толықтай эвакуацияланды.
Осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталып кетті. Құқық қорғау органдары жарылғыш заттың құрамын анықтап жатыр.
Табиғат Нұрболат
Фото: www.nbcnews.com
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу