Мектепке "бомба қойған" оқушы анықталды

737

14 жасар жеткіншек қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

Мектепке "бомба қойған" оқушы анықталды

Бүгін "112" нөміріне Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте бомба бары туралы ақпарат түсіп, облыс орталығындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №22 мектеп оқушылары, ұстаздары мен қызметкерлері дереу эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оқиға орнында жұмыс істеп, барлығын жіті тексерген саперлер ешқандай жарылғыш затты тапқан жоқ. Ал полиция қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.  

Көп ұзамай тәртіп сақшыларына жалған ақпарат берген азамат анықталды. Ол Ақсу қаласы Пограничник ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің 14 жасар оқушысы болып шықты. Бозбала достарымен бәстескендіктен осындай қадамға барған. Ал арнайы қызмет өкілдері осы мектеппен атауы бірдей Павлодар қаласындағы оқу орнына бірден жетіп, адамдарды эвакуациялауға көшті. 

Жеткіншек өз кінәсін толық мойындады. Полиция оны заңды өкілдеріне тапсырды.

"Кәмелеттік жасқа толмаған азамат террористік акт туралы жалған ақпарат таратты деген күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Енді 14 жастағы жеткіншік алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Құндыз Қабылденова
Фото:pavlodarnews.kz
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу