Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры тағайындалды

256

ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры болып Адамова Манара Елекенқызы тағайындалды. 

Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры тағайындалды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Манара Адамова 1969 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін "Физика мұғалімі" мамандығы бойынша бітірді. Психологиялық-педагогикалық білім беру магистрі. Қайта даярлау курсы - олигофренопедагог мамандығы бойынша "Дефектология", НЗМ ПШО педагогының І озық деңгейі, ECERS-3 шкаласы бойынша сапаны бағалау бойынша сертификатталған сарапшы.

Еңбек жолын 1991 жылы Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданы Ақтасты ауылының орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

  • 1993 жылдан 2010 жылға дейін Қызылорда облысындағы №127 орта мектеп-лицейінің директоры, директордың орынбасары, физика пәнінің мұғалімі қызметтерін атқарды.
  • 2010 – 2016 жылдары – Қызылорда облысының №3 Балаларды оңалту орталығының директоры.
  • 2016 – 2018 жылдары – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының шағын жинақты мектептер орталығының аға ғылыми қызметкері, кейін директоры.
  • 2016 – 2020 жылдары – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Орта білім беру орталығының директоры.
  • 2020 – 2021 жылдары – "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығының директоры.
  • 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Балаларды ерте дамыту институтының директоры қызметін атқарды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу