Петропавл қаласындағы №4 мектепте төтенше жағдай тіркелді. 9-сынып оқушысы сөмкесіне балта мен пышақ салып апарып, мектепте үш баланы жаралаған деп жазады inbusiness.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Олар басынан және иығынан жарақат алған. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта №4 орта мектепте полицияның тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Ресми емес ақпаратқа сүйенсек, мектепке қаруланып келген бала психиатриялық есепте тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу