Ол мектеп формасына қатысты ережелер бұрыннан бар екенін айтты.
"Әр ата-ана мен оқушы мектепке сапалы білім алып, жетістікке жету үшін келетінімізді түсінуі керек. Сондықтан басты мақсатты басқа мақсатпен шатастырмау керек. Петиция туралы айтар болсақ, мектеп формасына қатысты белгілі бір ережелер мен талаптар бар. Оқушылар осы ережелерді сақтауы керек", – дейді министр.
Журналисттер мектеп формасы туралы ережеде белдемшенің ұзындығы туралы нақты ақпараттың жоқ екенін айтты.
"Ендеше, болады", – деп жауап берді Ғани Бейсембаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу