"Мектепке шабуыл ұйымдастырамыз": Павлодар полициясы желіде жалған ақпарат таратқандарды тексеріп жатыр

1421

Әлеуметтік желіде Павлодар мектептеріне белгісіз тұлғалар қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады. 

"Мектепке шабуыл ұйымдастырамыз": Павлодар полициясы желіде жалған ақпарат таратқандарды тексеріп жатыр Фото: Бейнежазбадан

Аталған факті бойынша Полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құзыретті органдармен бірлесіп, бұл ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Кінәлі адамдар елдің заңнамасына сәйкес анықталып, жауапқа тартылатын болады. Бүгінгі таңда полиция оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оның ішінде бейнебақылауды және оларға жақын полиция жасақтарын күшейтуге ерекше назар аударуда", - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Осы жылдың басынан мұндай жалған хабарламалар елдің бірқатар қалаларында таралғаны мәлім.

Келеңсіз жайттар халық арасында дүрбелең туғызуға бағытталған. Полиция органдары азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін, тек ресми ақпаратқа сенуін сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу