"Мектепке жол" акциясы енді екі ай ғана емес, жыл бойы өтетін болды, деп хабарлайды Atameken Business.
"Менің Атамекеннім" веб-порталында күні кеше "Мектепке жол" платформасы іске қосылды. Әр жыл сайын елімізде 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жағдайы төмен отбасылардың балаларына жәрдемдесу акциясы өтеді. Былтыр 328 мың 766 оқушыға 2 млрд 822 млн 846 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілген. Енді аз қамтылған отбасылардың балаларына дәл осы сайт арқылы көмектесуге болады. "Менің Атамекенім" порталындағы жаңа платформа жыл он екі ай жұмыс істемек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу