Мектепте "Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері" пәні оқытылуы мүмкін

1820

Мектепте "Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері" пәні оқытылуы мүмкін

Білім және ғылым министрлігі 10-сыныптан бастап "Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері" туралы факультативті пән енгізбек, деп хабарлайды altaynews.kz.

Келесі жаңа оқу жылынан бастап 10-сынып оқушыларына "Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері" пәні оқытылуы мүмкін.

Бұл туралы "Атамекен" ҚР КҰП басқарма төрағасы Абылай Мырзаxметов "Атамекенім" акциясының таныстырылымында хабарлаған.

"Атамекен" ҚР КҰП басқарма төрағасы Абылай Мырзаxметов осы пәнді оқыту арқылы "адамдарға ақшаны есептеу, үнемдеуді үйретсек, бұл бағдарламаның орындалғаны" деп санайды.

"Біздің қатысуымызбен ҚР білім және ғылым министрлігі 10-сыныптан бастап "Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері" туралы факультативті пән енгізбек.

Келесі жылдан немесе 2019 жылдан бастап Қазақстандағы барлық мектепте 10-сыныптан бастап балаларға кәсіпкерлік негіздерін үйретеміз. "Рухани жаңғыру" бағдарламасына сай прагматизм идеяларын жүзеге асырмақшымыз", – дейді "Атамекен" ҚР КҰП басқарма төрағасы Абылай Мырзаxметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу