Мектепте ақша жинау: Министр бұл "бастаманың" артында көп жағдайда ата-аналар тұратынын айтты

177

Білім ордаларында қаржы жинауға тыйым бар.    

Мектепте ақша жинау: Министр бұл "бастаманың" артында көп жағдайда ата-аналар тұратынын айтты Фото: orken-instituty.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп бітіру кештеріне қаржы жинау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер мектептерде ақша жинау мәселесі реттеуді қажет ете ме деп сұрады.

"Бұл мәселе заңнамалық деңгейде реттелген. Бұйрық та бар. Мен де хабардармын. 200 мың теңгеге байланысты мәселе бойынша әкіммен де, білім басқармасымен де хабарластым. Олар бұл мәселені қатаң бақылауға алды. Олардың айтуы бойынша бұл ата-аналардың бастамашылығымен жасалған дүние. Бұл жерде тек қана мектепті кінәлай бермеу керек. Өйткені маған жетіп жатқан ақпарат бойынша ата-аналардың бастамашылығымен көп жағдайда осындай ақша жиналады екен. Сондықтан ата-аналарға да осындай мәселеге бара бермеуді ескерту керек сияқты. Ал мектепке келсек, мектеп басшылығына биыл да әдеттегідей ескертілді. Наурыз ғана емес, мектеп бітіру кештері ғана емес, басқа да іс-шараларға мектепте қаржы жинауды барынша тоқтату туралы айтылды", - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Оның сөзінше, екі жақта да жауапкершілік болуы қажет.

"Ешқандай қаржы жинауға болмайды деп көрсетілген бұйрық бар. Тек соны орындау керек. Егер ол бұйрықтың күші жетпейтін болса, онда депутаттармен ақылдасып, заңдастыруға да болатын шығар", - деді Оқу-ағарту министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу