Мектепте оқушылар тыйым салынған сайттарға еркін қол жеткізіп келген

593

Мектеп директорларын тыйым салынған контентке ашық қолжетімділік мүмкіндіктері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. 

Мектепте оқушылар тыйым салынған сайттарға еркін қол жеткізіп келген Фото: factcheck.kg

СҚО Білім беру мекемесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізілген тексерулер кәмелетке толмағандардың құқықтарының өрескел бұзылуын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты облысын прокуратурасына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының талаптарын бұза отырып, Петропавл қаласындағы 9 орта мектепте информатика кабинеттерінде тыйым салынған сайттарға балаларды өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерді жасауға ынталандыру (соның ішінде суицид және зорлық-зомбылық әрекеттері) материалдары бар ашық қолжетімділік тыйым салынған сайттар анықталды.

Қадағалау органының қаулыларына сәйкес білім беру ұйымдарының басшылығы (директорлары) ӘҚБтК-нің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге, прокурордың ұсынысы бойынша қаладағы барлық білім беру мекемелерінде тыйым салынған интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелген.

Қадағалау органы балалардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда заңды өкілдері мен кәмелетке толмағандар 8-7152-36-03-83 облыс прокуратурасының сенім телефонына хабарласа алатынын еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу