Мектепте тек электронды журнал пайдаланылатын болады

4329

Мектепте тек электронды журнал пайдаланылатын болады

Электронды журналды енгізген мектептерге қағаз журнал пайдалануға тыйым салынады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Министрдің айтуынша, орта білім беруде оқу процесін автоматтандыру мақсатында электронды журнал енгізіліп жатыр. Бұл жүйеде төрт мыңнан аса мектеп жұмыс істейді. 

"Барлығы мемлекет үшін тегін. Электронды журналдарды енгізген мектептерде қағаз журналдарды пайдалануға шек қоюды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз  - қайталауды тоқтату және есеп беруді қысқарту", - деді Сағадиев электронды білім беру мәселесі қаралған үкімет отырысында. 

Балалардың жеке мәліметтерін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ұлттық компаниясы сақтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу