Мектепте төбелескен астаналық оқушыларға ел күтпеген жаза берілуі мүмкін

102

Бұған дейін мектеп әкімшілігіне сөгіс жарияланды. 

Мектепте төбелескен астаналық оқушыларға ел күтпеген жаза берілуі мүмкін Фото: бейнежазбадан

Тіпті, төбелеске қатысқандардың ата-аналары жауапкершілікке тартылған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның түсініктемесіне сәйкес, жанжалға қатысушылар арнайы оқу орнына ауыстырылуы ықтимал. 
Жаза кеткен жөн, әлеуметтік желіде осыған дейін мектеп оқушылары қатысқан төбелестің видеосы тарады. Бейнежазба Астанадағы білім беру мекемелерінің бірінде түсірілген. 

Астана қалалық полиция департаменті кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал биыл қаңтар айында болғанын мәлімдеді.

– Оқиғаға қатысқан барлық тұлға анықталды. Іс бойынша қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізілді. Кәмелетке толмағандар қорғау құқығы бар куә мәртебесіне ие. Қақтығысқа қатысушылардың ата-анасы балаларды тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Білім беру мекемесіне қатысты ұсыныс енгізілді. Мектеп қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, мектепте профилактикалық кеңес өткізіліп, кәмелетке толмағандар мектепішілік есепке алынды, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, жасөспірімдерді девиантты мінез-құлыққа ие балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымына жіберу мәселесі де қаралуда. 

– Тергеу жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, – деді Астана қалалық полиция департаменті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу