Мектепте жұмыс істемегендерге жалақы аударып 550 млн теңге жымқырған

363

Сарыағашта аудандық білім бөлімінің басшылары мен 8 есепші осындай қитұрқы әрекет жасаған.    

Мектепте жұмыс істемегендерге жалақы аударып 550 млн теңге жымқырған Фото: canva

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың нәтижесінде Түркістан облысында жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сарыағаш аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшылары Б.Майриховқа, Н.Усипбековке, Д.Акатовқа және 8 бухгалтерге қатысты үкім шығарды.

Олар білім беру саласында нақты жұмыс істемеген адамдарға жалақы ретінде аудару арқылы 550 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Акатов пен Майрихов 7 жылға, Усипбеков 2 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сол үкіммен бухгалтерлер бас бостандығынан айыру, шартты түрде бас бостандығынан айыру және бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жазаларға сотталды. 

Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды, сондай-ақ қаржы ұйымдарында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды. 

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу