Мектепте жыныстық сауаттылық негіздері неге оқытылмайды?

631

Құзырлы министрлік бала тәрбиесіне мектеп қана емес, ата-ана да жауапты деп отыр. 

Мектепте жыныстық сауаттылық негіздері неге оқытылмайды? Фото: ТАСС

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева Сенат кулуарында тілшілердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БАҚ өкілі спикерден "Балаларға жыныстық ағарту пәнін бекіту жоспарда бар ма?" деп сұрады.

"Тәрбие дегеніміз екіжақты процесс. Кейбір дүниені балаға ең әуелі анасы немесі әкесі түсіндіруі тиіс. Қазір жыныстық тәрбиенің барлық сұрағы биология және басқа да пәндер шеңберінде, сондай-ақ сынып сағаттары барысында жеткілікті деңгейде қамтылған. Алайда қазіргі таңда пәнге тікелей нормаларды енгізе алмаймыз, себебі оқу пәндерінде бұл туралы жеткілікті деңгейде оқылады. Сіз айтып отырған мәселе көбінесе ата-ананың жауапкершілігі аймағына кіреді", - деп қысқа қайырды Наталья Жұмаділдаева.

Айта кету керек, осыған дейін https://inbusiness.kz/kz/last/elordada-okushy-kyz-zorlandy-oku-agartu-ministrligi-ne-dejdi Оқу-ағарту министрлігі елордада оқушы қыздың зорлануына қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу