Мектептегі атыс: Татарстанда аза тұту күні жарияланды

1138

Қазір оқиға орнында контртеррористік операция жүріп жатыр.  

 Мектептегі атыс: Татарстанда аза тұту күні жарияланды

11 мамырда Татарстан астанасы Қазан қаласындағы мектепте атыс болып, салдарынан 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Татарстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы мәлімет бойынша, оқ жаудырған қаскөй шабуылды жалғыз өзі ұйымдастырған. Ол – 19 жастағы Ильназ Галявиев есімді жасөспірім. Тәртіп сақшылары оны қамауға алды.

Тағы бір басқа дерек бойынша, мектепте екі адам атыс ашқан болуы мүмкін. Оның бірі ұсталып, екіншісін құқық қорғаушылар жер жастандырған.

Татарстанның республикалық балалар клиникалық ауруханасы 18 баланы қабылдады. Олардың алтауы ауыр халде, мамандар оларға ота жасап жатыр, қалғандары дәрігерлердің бақылауында. 

Осы оқиғадан кейін Ресей президенті Владимир Путин азаматтық қару айналымы ережелерін шұғыл түрде қатаңдатуды тапсырды. Татарстан билігі 12 мамырды аза тұту күні деп жариялады. 

Ұсталған Галявиевке психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды. Мектеп әкімшілігінің дерегіне сүйенсек, ол осы мектепті төрт жыл бұрын бітірген. Қазір оқиға орнында контртеррористік операция жүріп жатыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу