Мектептегі орамал дауы тоқтаған жоқ

1081

Ақтөбеде орамалын шешуден бас тартқан оқушының ата-анасына айыппұл салынды

Мектептегі орамал дауы тоқтаған жоқ

Ақтөбеде орамал дауына байланысты сабаққа бармаған екі оқушының ата-анасына айыппұл салынды. Олар сот шешіміне сәйкес 12 мың 625 теңгені төлеуге тиіс, деп хабарлайды КТК.

Былтыр орамалын шешуден бас тартып, сабаққа келмеген 46 баланы мүғалімдер жаз бойы үйіне барып оқытқан. Сөйтіп тоқсанды қорытып, келесі сыныпқа көшіріпті. Қазір солардың жартысы мектеп талабына келісіпті. Қалған 16 оқушы өзге өңірлерге көшіп кеткен. Енді қалған 9 оқушының ата-анасы білім басқармасындағылардың талабына көнер емес. Олардың барлығы дерлік қаладағы №31 мектепте оқиды.

"Қазір ата-аналар бізбен сөйлеспейді деп айтуға болады. Бірақ үйлеріне хабарлама апарып, оқушыларды сабаққа шақырудан жалықпаймыз. "Біз алыстан оқытып жатырмыз, әртүрлі дайындау орталықтарына беріп жатырмыз" дегенді айтады. Бірақ заңға қайшы әрекет", – дейді №31 орта мектеп директорының міндетін атқарушы Шолпан Жиенмұрзина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу