Мектептен оқитын балаларға тамақ берілмейді – елорда әкімі

1409

25 мың астаналық оуқшы мектептен оқуға өтініш берген.  

Мектептен оқитын балаларға тамақ берілмейді – елорда әкімі

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов жаңа бас қаладағы мектептердің оқу жылына дайындығы туралы ақпарат берді.

"Пандемия кесірінен балаларымыз білімсіз қалмауы керек. Бірақ балалар мен педагогтерді қауіпке итермелеуімізге де болмайды. Бізде 200 мыңдай оқушы бар, түсінесіз бе? Бастауыш сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқи алады. Бірақ бір сыныпта 15 баладан артық болмауы керек. Ата-анасының екеуі де жұмыста болса, баласына қарай алмайтын отбасыларға осындай жағдай жасауымыз керек. Осындай тәртіппен білім алуға 25 мың баланың ата-анасы өтінім берді. Биыл 17 мың бала бірінші сыныпқа барады. Бірақ бұл кезекші сыныптарға тамақ  қарастырылмаған. Өйткені тамақтандыруды ұйымдастыру қосымша тәуекелдерді туындатады. Дәл осындай талаппен балабақшаларда да кезекші топтар ашылады", – деді Алтай Көлгінов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу