Мектептер ата-аналарды форманы белгілі бір дүкеннен алуға міндеттей алмайды

424

Алматы облысының білім басқармасы жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп формасына қатысты талаптарды еске салды.  

Мектептер ата-аналарды форманы белгілі бір дүкеннен алуға міндеттей алмайды Фото: nur.kz

Алматы облысының білім басқармасы жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп формасына қойылатын талаптар туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, білім беру ұйымдары ата-аналардан мектеп формасын белгілі бір өндірушіден, брендтен, тігін шеберханасынан немесе дүкеннен сатып алуды талап ете алмайды.

Мектеп формасына қойылатын талаптар салалық министрліктің тиісті бұйрығымен реттеледі. Құжатқа сәйкес, мектептер бірыңғай стиль мен түс, сондай-ақ оқушылардың сыртқы келбетіне қойылатын жалпы талаптарды белгілей алады. Алайда форманы нақты бір жерден сатып алуға міндеттеуге жол берілмейді.

Білім беру ұйымдарының басшыларына мектеп формасына қатысты шешімдер ата-аналар қауымдастығының қатысуымен ашық түрде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылдануы тиіс екені ескертілді.

Білім басқармасы талаптардың бұзылғаны туралы өтініштер түскен жағдайда тиісті тексеру жүргізілетінін хабарлады. Заң бұзушылық фактілері расталса, жауапты тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолданылады.

Мектеп формасын белгілі бір сатушыдан сатып алуға мәжбүрлеу немесе өзге де құқықтарының бұзылуына тап болған ата-аналар Алматы облысының білім басқармасына немесе аудандық білім бөлімдеріне жүгіне алады. Әрбір өтініш заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу