Мектептер балалардың мамандық таңдауына жағдай жасай алмай отыр

924

Жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектердің 60 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұл туралы Ақтауда өткен ЖООфест шарасында профориентатор Диас Асанов айтты, деп хабарлайды Atameken Business.

Мектептер балалардың мамандық таңдауына жағдай жасай алмай отыр

Маманның сөзінше, проблеманың төркіні балалардың мамандық таңдауына жағдай жасай алмайтын мектептерде жатыр. Оқушылар тек сабақпен шектеліп, өмірге қажетті дағдыларды меңгере алмайды. Сондықтан балаларды мектептен кейінгі өмірге бейімдеу керек.

Осы орайда, сарапшы профориентацияны үш бағыт бойынша жүргізуге кеңес береді. Ең алдымен, баланы өмір бойы, үздіксіз оқуға үйрету. Екінші мәселе, оқушылар өндіріске апару. Экскурсия өткізіп, өндірістегі мамандармен бетпе-бет кездесу ұйымдастыру. Үшінші мәселе, дұрыс коммуникация құруды үйрету.

Көп жағдайда балалар ақпараттың жетіспеуінен өзіне ұнайтын мамандықты таба алмай, уақытын өткізіп алады.

Айта кетейік, "ЖОО фест" шарасы жоғарғы сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау және кәсіби бағдар беру мақсатында өтті. Шараға мыңға жуық ақтаулық оқушы қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу