Жалпы білім беру нысандарының дайындығы 88%-ды, Денсаулық сақтау нысандарының дайындығы 87%-ды құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бүгін Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.
Жалпы, бүгінгі таңда білім беру нысандарының дайындығы 88%-ды құрайды. Кестеден артта қалу көрсеткіші ШҚО, Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстары мен Алматы қаласында тіркелді, деп атап өтті өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
Ал Денсаулық сақтау нысандарының дайындығы 87%-ды құрайды. Төменгі көрсеткіштер Қарағанды, Алматы, Ақмола облыстарында және Шымкент, Алматы қалаларында тіркелген.
Тұрғын үйлер бойынша дайындық жұмыстары 34 169 үйде аяқталды – бұл жоспардың 68%-ы. Шымкент қаласында тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығының төмендігі байқалады.