ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы "Көкжиек-Горизонт" баспасымен бірлесіп ұйымдастырған "Үздік кітапханашы-2023" байқауының қорытындысы шығарылды.
"Үздік кітапханашы-2023" байқауына еліміздің мектептері мен колледждерінен 1300-ден астам кітапханашы қатысты. Байқау ғылыми және көркем әдебиетті сақтау, зерттеу және насихаттау бойынша озық тәжірибелерді анықтауға бағытталған.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды:
1 орын – Қостанай облысындағы мектептің кітапханашысы Римма Егороваға;
2 орын – Павлодар қаласындағы № 7 ОБМ КММ кітапханашысы Гүлжан Тукеноваға;
3 орын – "TAMOS EDUCATION физика-математика мектебінің" кітапханашысына бұйырды.
Еске салайық, ҚР Үкіметінің қаулысымен 24 қазан – Кітапханашы күні болып белгіленген. Бүгінде мектеп кітапханашыларына педагог мәртебесін беру мәселесі қарастырылуда. Бұдан басқа, биыл Оқу -ағарту министрлігі жалпы білім беретін мекемелердегі 2165 кітапханашының біліктілігін арттыру курстарын өткізуді жоспарлауда.