Мектептер жанынан "Жас сарбаз" сыныптары ашылады

3759

Жоспар бойынша бұл сыныптарда 200 мыңға жуық бала әскери білім алады.

Мектептер жанынан "Жас сарбаз" сыныптары ашылады

Мектептердің жанынан "Жас сарбаз" сыныптары ашылады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар алаңында Қарулы күштер бас штабы бастығының орынбасары Мұхамеджан Таласов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Жоспар бойынша бұл сыныптарда 200 мыңға жуық бала әскери білім алады. Болашақта әр өңірдің әкімдіктері осы жұмысты атқаратын үйлестіру кеңестерін құруға тиіс.

Айта кетсек, қазір елде жастарға арналған 3 мыңға жуық әскери клуб бар. Мұнда 8 мыңға жуық бала патриоттық тұрғыдан тәрбиеленіп жатыр. Таласовтың айтуынша, енді барлық бірлестіктердің жұмысын бір жүйеге келтіру қажет.

Әскери-патриоттық тәрбие алам дегендер саны жыл санап артып келеді. Мәселен, соңғы жылдары "Жас сарбаз" қозғалысы ұйымдастырған шараларға бүкіл республика бойынша 110 мың оқушы қатысқан.

"Экстремизм, терроризм деген жағдайлар болып жатыр. Соған біздің балалар дайын болуы керек. Елбасы да "Рухани жаңғыру" бағдарламасында тегімізді көтеру туралы айтқан. Ең біріншіден, елімізді қорғай білуіміз керек", - дейді ҚР Қарулы күштері бас штабы бастығының орынбасары Мұхамеджан Таласов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу