Мектептерде ақша жинауға арналған терминал қойылады

975

Түскен ақша мұғалімдер мен оқушыларға жұмсалады.

Мектептерде ақша жинауға арналған терминал қойылады

Енді мектептерде ақша ашық түрде жиналады. Ол үшін білім ұяларында терминал қойылады, деп хабарлайды otyrar.kz.

Шымкент қаласында басталып жатқан тың жоба қыркүйек айына дейін іске асады. Айта кетейік, пилоттық жобаға №80 мектеп таңдап алынды.

Терминал арқылы қаржыландырылу – бұл жемқорлықты жоюдың бірден бір жолы. Осылай деген №80 мектеп директоры білім ұяларының қалталы азаматтардың көмегіне мұқтаж екендігін мойындады. Айтуынша, ұстаздардың құрал-жабдығына мемлекеттен қаржы бөлінбейді. Сондықтан осындай амалға жүгінуден басқа жол жоқ екен.

Ешкімді мәжбүрлемейміз деген басшы түскен ақшаны мұғалімдер мұқтажына ғана емес, оқушылардың өзіне де жұмсамақ. Ал, терминалға түскен қаржының есебі ашық көрсетіліп отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу