Мектептерде ақылы конкурстар өткізуге қатаң тыйым салынды

1188

Кейінгі кезде жекелеген ұйымдар оқушылар мен мұғалімдерге арналған күмәнді ақылы онлайн конкурстар мен олимпиадалар ұйымдастырып жүр. Осы "қызметтері" үшін олар оқушыдан да, ұстаздан да ақы алуға әдеттенген. ҚР Білім және ғылым министрлігі мұндай байқаулар өткізуге қатаң тыйым салды. Бұл туралы министрліктің ресми парақшасында жарияланды. 

Мектептерде ақылы конкурстар өткізуге қатаң тыйым салынды

Онда конкурс өткізу үшін заңсыз ақша жинайтын жекелеген ұйымдардың әрекеті алаяқтық екені айтылған. Сондықтан ата-аналар білім беру ұйымынан тыс өткізілетін ақылы негіздегі әртүрлі олимпиада, байқауларды таңдауда мұқият болуы керек.

Сондай-ақ, министрлік таратқан мәліметте кейбір жеке тұлғалар педагогтарға арнап, жалған наградалар жасап, оңды-солды таратып жүргені айтылған. Осындай күмәнді конкурстардан алынған марапаттар мен дипломдар ұстаздарды аттестаттау кезінде есепке алынбайтынын министрлік ескертеді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу