ҚР Оқу-ағарту министрілігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы "Дене шынықтыру" пәні бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасы өтетіні туралы хабарлайды.
Пәндік олимпиада үш кезеңде өтеді:
Бірінші кезең – аудандық, 2023 жылдың қыркүйек айында аудандық білім бөлімдері өткізеді.
Екінші кезең – облыстық (қалалық). Облыстық кезеңді 2023 жылдың
5 қазанына дейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларының облыстық білім басқармалары өткізеді.
Үшінші кезең – республикалық, 2023 жылдың 23-27 қазанында Алматы қаласында өтеді. Дәстүр бойынша еліміздің мектеп оқушылары арасында дене шынықтыру пәні бойынша олимпиада үшінші рет өткізілмек.
"Мұндай іс -шараны республикалық деңгейде өткізу білім алушыларды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады, сондай-ақ оқушылардың дене тәрбиесін қалыптастыруға үлкен әсер етеді", -деді ҰҒПДТО директоры Сағдат Садықов.
Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің 5-6, 7-8 сынып оқушылары, "Дене шынықтыру" пәні бойынша олимпиаданың екінші кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады.