Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Шынар Акпарова айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Бұған дейін көбіне педагогтерді мектептің жөндеу жұмыстарына, өзінің кәсіби міндетіне қатысты емес жұмыстарға тарту, газет-журналдарға жазу деректері кездесті. "Педагог мәртебесі туралы" Заң қолданысқа енгеннен кейін және Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жанынан Әдеп кеңесі құрылғаннан кейін, яғни 2020-2025 жыл аралығында осындай фактілердің саны 3 есе азайып отыр, – деді ол Оқу-ағарту министрлігінде өткен кеңесте.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу