Мектептерде қауіпсіздікті мамандандырылған күзет қадағалайды

1198

Елімізде көптеген білім беру ұйымдары террористік тұрғыда әлсіз нысандар санатына жатқызылған. 

Мектептерде қауіпсіздікті мамандандырылған күзет қадағалайды

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша мамыр айының басынан бастап нысандарды антитеррористік қорғаудың жаңа талаптары бекітілген.

 "Қазіргі кезде білім беру ұйымдарының басым бөлігі террористік тұрғыда әлсіз нысандар санатына кіреді. Осы айының басында Үкімет қаулысымен мұндай нысандарды антитеррористік қорғаудың жаңа талаптары бекітілді. Мәселен осы уақытқа дейін мұндай талаптар ұсыныс ретінде ғана айтылса, енді білім беру нысандары бақылау жүйесімен, қызметкерлер мен келушілерді хабарландыру құралдарымен, дабыл түймесімен, мамандандырылған күзетпен, өткізу жүйелерімен жабдықталуы тиіс", - деді Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы. 

Ал тиісті нұсқалықты Білім және ғылым министрлігі әзірлеуде. Құжат террористік қауіп туындаған жағдайда педагогтар мен оқушылардың жасауы тиіс іс-әрекетінің ережесін қамтиды. 

Еске сала кетсек, 11 мамыр Татарстан астанасы Қазан қаласындағы мектептердің біріне террористік шабуыл жасалып, 8 адам қаза тапқан. Аталған жағдайдан кейін еліміздегі білім ордаларында қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесі қолға алына бастады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу