Мектептерде оқушылардың білім сапасына баға беріледі

190

Қазақстан атынан зерттеуге 8800-ден астам оқушы қатысады.

Мектептерде оқушылардың білім сапасына баға беріледі Фото: gov.kz

1 сәуір мен 15 мамыр аралығында еліміздің білім беру ұйымдарында білім сапасын бағалауға арналған PIRLS-2026 және TIMSS-2027 халықаралық зерттеулері өткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, PIRLS-2026 зерттеуінің алтыншы цикліне 50-ден астам ел қатысып жатыр.

PIRLS – 4-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалауға бағытталған халықаралық зерттеу. Қазақстан атынан зерттеуге 219 мектептен 8800-ден астам оқушы қатысады.

Сонымен қатар зерттеу сауалнамасына 8800-ге жуық ата-ана, 400-ге жуық мұғалім және 219 білім беру ұйымының басшысы қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу