Мектептерде орнатылатын бейнебақылау камерасы "Сергек"-пен біріктіріледі

1273

​"Сергек" фото-бейнебақылау камераларын орнату жобасын жүзеге асырудан қала бюджетіне 2 млрд теңгеден астам қаржы түсті.

Мектептерде орнатылатын бейнебақылау камерасы "Сергек"-пен біріктіріледі

Астана мектептеріне бейнебақылау камералары орнатылады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

​"Сергек" фото-бейнебақылау камераларын орнату жобасын жүзеге асырудың арқасында қала бюджетіне 2 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Бұл туралы Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді.

"Біз мектептерге бейнебақылау камераларын орнату және оны "Сергек" жобасымен біріктіру жұмыстарын бастадық", – деді ол сөз баяндамасында.

Оның айтуынша, Астананың жолдары – еліміздегі ең қауіпсіз жолдардың бірі.

"Елордалық жүргізушілер тәртіпті болды, бұл жол апаты көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді. Жобаның арқасында 2017 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасындағы өлім екі есеге (60-тан 34-ке дейін) азайып, жол-көлік оқиғаларының жалпы саны 20%-ға төмендеді", – деп қосты спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу