Мектептерде жаңа Конституцияны түсіндіретін арнайы сабақтар өтті

384

Еліміздегі барлық мектептің 11-сынып оқушыларына жаңа Конституцияны түсіндіруге арналған арнайы сабақтар өткізілді.  

Мектептерде жаңа Конституцияны түсіндіретін арнайы сабақтар өтті Фото: gov.kz

Іс-шара бірыңғай “Адал Азамат” білім беру бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірінде бір мезгілде өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сабақ тақырыбы – “Білім беру мемлекеттік саясаттың негізгі құндылығы ретінде: Жаңа Конституцияның басымдықтары”.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бастаманың негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституция нормаларын түсіндіру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

Сабақ барысында оқушылар негізгі конституциялық қағидалармен танысып, құқықтық мәдениет пен заңға құрмет мәселелеріне басымдық берілді. Бірыңғай форматтағы сынып сағаттары оқушылардың құқықтық тақырыптар төңірегінде ортақ түсінік қалыптастыруына мүмкіндік берген.

Айта кетейік, бұған дейін жаңа Конституцияны мектептер мен жоғары оқу орындарында оқыту туралы ұсыныс айтылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу