Мектептерде жаңа жылдық ертеңгілік өткізілмейді

4013

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мектептерде жаңа жылдық ертеңгілік өткізілмейді

"Мектептерде ертеңгіліктер мен өзге де бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Бас санитарлық дәрігердің шешімі бар, біз оны орындауға міндеттіміз. Сондықтан ертеңгіліктер мен басқа да мерекелік жиындар мектепте ұйымдастырылмайды", – деді Асхат Аймағамбетов. 

Министрдің мәлімдеуінше, сынып ішінде мереке өткізу туралы шешім мектеп әкімшілігі деңгейінде қабылданады. 

Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, "Омикрон" штамының таралуына байланысты оқушыларды қашықтан оқытуға ауыстыру бойынша шешім қабылданған жоқ.

"Қазіргі кезде бұл жайында айту ертерек. Біз ведомствоаралық комиссияның шешімі аясында жұмыс істейміз. Қорытынды шығару үшін мәлімет жеткіліксіз болып тұр", – деді білім және ғылым министрі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу