Мектептердегі ата-аналар комитеттері жабылуы мүмкін. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Білім және ғылым министрлігіне осындай ұсыныс жасады деп жазады kaztrk.kz.
Мектептің, сыныптың қажеттілігін жабу үшін немесе ұстаздарға сыйлық аламыз деп ата-аналардан ақша жинайтын осындай комитеттер көрінеді. Агенттік бұны арнайы сауалнама жүргізу арқылы анықтаған. Респонденттердің 87 пайызы оқушы баласы үшін ақша өткізгенін айтқан.
"Ата-аналар комитеті ол өзінен өзі құрылған, құрастырылған бір құрылым. Жалпы ондай заңда да ешбір нормативтік құқықтық актілерде жоқ. Біз ұсынысты бердік", - дейді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Жазира Жылқышиева.