Мектептердегі бейнебақылау камералары босқа тұр - прокуратура

Олардың жұмысынан бірнеше олқылық анықталды.  

Мектептердегі бейнебақылау камералары босқа тұр - прокуратура Фото: uralskweek.kz

Білім ордаларындағы түрлі келеңсіздіктерден кейін оқу орындарының барлығын бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету міндеті қойылған еді. Соның аясында Павлодардағы мектептерге камералар орнатылды. Алайда олардың құр босқа орнатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Облыс орталығындағы мектептерде тексеру жұмыстарын жүргізген облыстық прокуратура өкілдері бірқатар олқылықтың былтырдан бері жойылмай келе жатқанын анықтады.

"Тексеру нәтижесі көрсеткендей, бейнебақылау камералары жазбасыз жұмыс істейді. Олардың видео мұрағаттарына қолжетімділік жоқ. Полицияның жедел әрекет ету орталығына қосылмағаны а белгілі болды", - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ал бұл кемшіліктің барлығы "Smart City Pavlodar" жобасы аясында жойылуы тиіс еді. Бірақ мердігер жүктелген міндетті уақытылы орындамаған. Сол себепті қалалық әкімдік оны сотқа берді.

Прокурорлар тексеріс барысында тағы бір былықтың бетін ашты. Жергілікті мектеп директорларының бірі мекемеге тиесілі 2,5 млн теңгені қалтасына басқан. "Жалған" адамды жұмысқа орналастыру арқылы ол алуы тиіс ақшаны өзі иемденіп қалған. Бұған қатысты материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу