"Мектептердегі камералар талапқа сай емес". Жаңартыла ма?

851

Білім және ғылым министрі мектептердегі камералар сын көтермейтінін, ғимараттарда камера бақылауынан тыс қалып қоятын жерлер барын, жазба ұзақ уақыт сақталмайтынын және жарық өшсе, қоса істен шығатынын айтқан болатын. Мәселе жуық арада реттеле ме?

"Мектептердегі камералар талапқа сай емес". Жаңартыла ма?

Бұл сұрақ баспасөз конференциясында Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсеновке қойылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Балалар қауіпсіздігі өте маңызды. Қазір мектептерде тұрған 137 мың камераның 69 мыңы аналогты камералар. Олардың ішінде сапасыздары, жақында ауыстыруды қажет ететіндері бары рас. Сондықтан алдағы іссапар барысында облыс әкімдерімен кездесіп, мәселені шешуге тырысамыз. Өйткені қаржыландыруды жергілікті әкімдік жүзеге асырады. Жуықта мәселе реттеледі деп сенеміз", – деді ол.

Бұған дейін барлық білім ошағындағы камералар жыл соңына дейін Жедел басқару орталығына ("102-ге") қосылатынын жазғанбыз.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу