Мектептердегі каникул кезеңдері белгілі болды

1100

Жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталады

Мектептердегі каникул кезеңдері белгілі болды

Қазақстан мектептеріндегі алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте соғылады, деп хабарлайды abctv.kz Астана қалалық білім беру басқармасына сілтеме жасап.  

Басқарманың ресми сайтында көрсетілгендей, білім және ғылым министрінің "Орта білім беру ұйымдарында 2018 - 2019 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі №322 бұйрығына сәйкес, жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. 

Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1 сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы болмақ. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі оқу күндеріне ауыстырылады.

Сонымен бірге, оқу жылындағы каникул кезеңдері анықталды. 1-11 (12) сыныптарда: күзгі каникул - 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан - 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);

Мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул - 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы 14 күн (2018 жылғы 27 желтоқсан - 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 15 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);

Мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптарда 7 күн мерзімде (2019 жылғы 4-10 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу