Мектептердегі тамақтандыру жүйесі жылына екі рет тексеріледі

934

Тағамның сапасын мониторингілеу жөніндегі комиссия құрылады.

Мектептердегі тамақтандыру жүйесі жылына екі рет тексеріледі

Мектептерде ата-аналар комитеті өкілдерінің, мектеп әкімшісінің, медицина қызметкерінің және басқа да тұлғалардың қатысуымен тағамның сапасын мониторингілеу жөніндегі комиссия құрылады, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Көптеген ата-аналар, мектептердің ата-аналар комиетінің өкілдері баланың ағзасына қаншалықты қажет екендігін ойланбастан, балаларын үйдегідей тамақтандырғанын қалайды. Біз гигиенистер, "дәмді тамақтан", яғни майлы, тұзды, тәтті және ащы тамақтан бас тартуды ұсынамыз",– деді ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде.

Айта кетсек, Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп алиментарлық тұрғыдан пайда болған аурулардың тәуекел факторларын төмендету үшін "Оқушыларды тамақтандыру рационы бойынша бірыңғай стандарттарын" әзірленген болатын.

"Мектепте тамақтандырудың ас мәзірі маусымдылықты ескере отырып әзірленді, ол 4 апталық, бұл бұрын қабылданған екі апталық ас мәзірімен салыстырғанда пайдаланылатын өнімдердің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді",– деді ол.

Сонымен қатар, бүгінгі күні конкурс негізде өнімдерді жеткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар оқушылардың тамақтануын ұйымдастырмен айналысатынын атап өтті.

"Оның тетігін білім және ғылым министрлігі әзірледі, әдетте тендерді жергілікті атқарушы органдар немесе мектептердің басшылары жүргізеді, аумақтық департаменттер объектінің санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беруді және жылына 2 рет ерекше тәртіппен тексеруді жүзеге асырады",– деді Жандарбек Бекшин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу