"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Білім министрлігімен бірлесіп мектептердегі балаларды тасымалдауға арналған автобустармен қамтамасыз ету жөніндегі тиісті Жол картасын бекітті. Бүгінгі таңда мектеп автобустарына қажеттілік 515 автобусты құрайды. Оның ішінде 20 орындық 347 автобус және 40 орындық 168 автобус", – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша мектептерді автобустармен қамтамасыз ету үшін тек келесі отандық кәсіпорындар тартылады.
"Біріншісі, "QazTechna" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен Yutong маркалы 287 бірлік көлемінде 20 орындық автобус алынады. Екіншісі, "DaewooBusKazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ПАЗ маркалы 60 бірлік көлемінде 20 орындық автобустар жеткізіледі. Үшінші "HyundaiTransAuto" кәсірорны Golden Dragon (Алматы қ.) 168 бірлік көлемінде 40 орындық автобус әкеледі", – деді ол.
Аян Бекенұлы