Мектептердің ақылы тестілеу арқылы жаппай заң бұзғаны анықталды

1397

Тестілеудің бағасы әрбір оқушыдан 300-ден 500 теңгеге дейінгі қаражатты құраған. 

Мектептердің ақылы тестілеу арқылы жаппай заң бұзғаны анықталды

Кейбір өңірде тәжірибеде қолданылатын, оқушыларды ақылы тестілеу заңсыз. Мұны орта білім ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өткен жиын барысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды abctv.kz.

Оның айтуынша, білім беру жүйесіндегі проблемалық мәселелердің бірі – мектеп оқушылары арасында ақылы тестілеу өткізу фактілері.

"Мәселен, Алматы облысында білім бөлімдерінің нұсқауы бойынша оқушыларды тестілеу тұрақты түрде өткізіліп тұрған. Мұндай тестілеудің бағасы әрбір оқушыдан 300-ден 500 теңгеге дейінгі қаражатты құраған. Білім және ғылым министрлігіне мектеп қабырғасында ақылы тестілеудің мәжбүрлі жүргізілу фактілерін болдырмау бойынша шаралар қабылдау ұсынылды", – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу