Мемлекет басшысы мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелестік ортаға беруге бағытталған және орта білім беру ұйымына бекітілген дене сауықтыру және спорт құрылыстарын жалға алушыға беру құқығын беретін ҚР заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу