Мектептерге дзюдо үйірмелері енгізіледі

247

Бұл шешім Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қабылданды.  

 Мектептерге дзюдо үйірмелері енгізіледі Фото: moy-gorod.kz

Келер жылдан бастап Қазақстанның 217 мектебінде дзюдо секциялары ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба аясында Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) мектеп оқушыларына арналған арнайы жеңілдетілген оқу бағдарламасын ұсынған. Бағдарлама балалардың жас ерекшелігі мен қауіпсіздігін ескере отырып әзірленеді.

Алдағы 3 жыл ішінде дзюдо үйірмелерін ел бойынша мың мектепке дейін кеңейту жоспарланып отыр. Бұл ретте басымдық ауыл мектептеріне беріледі.

Сонымен қатар, бастама аясында дзюдо бапкерлерін даярлау мен олардың біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу