Мектептерге намазхана керек пе?

10000

Ведомствоның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру.

Мектептерге намазхана керек пе? Фото: muftyat.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте мектептерге намазхана орналастыру керек пе деген мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер "Шымкент әкімінің орынбасары имамдарға "оқушыларды жұма намазға шақырмасын" деп өтініш білдірді. Осындай тенденция қалыптасқанын байқап отырмыз. Оқу-ағарту министрлігі балаларды ағартуға емес, қарайтуға жұмыс істеп жатқан жоқ па?" деп сұрады.

"Оқу-ағарту министрлігінің басты мақсаты – балаларымызға сапалы білім мен тәрбие беру. Жекелеген өңірлердегі кейбір мәселелер оқу-ағарту саласындағы балаларды қарайтуға бағытталып жатыр деп айтуға болмайды. Біз кез келген мәселені шыққан жерінде анықтап, бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіп отырмыз", - деп жауап берді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу