Мектепті жөндеуге бөлінген қаржы қайда кетті?

637

64 миллион теңгеге жүргізілген жөндеу жұмыстары көңіл көншітпейді.

Мектепті жөндеуге бөлінген қаржы қайда кетті?

Шығыс Қазақстан облысы Ойшілік ауылының тұрғындары ескі мектепті жөндеуге бөлінген қаржының қайда кеткенін түсінбей дал, деп хабарлайды Atameken Business.

Бақандай 64 миллион теңгеге жүргізілген жөндеу жұмыстары көңіл көншітпейді дейді ауыл тұрғындары. Себебі оқушылар әлі күнге дейін едені шұрық тесік, іші суық мектепте білім алуға мәжбүр екен. Ал осы олқылықтардың орнын толтыру үшін тағы  253 миллион теңге бөлу жоспарланғанын естіген ауыл халқы, тіпті, ашулы. Сөздерінше, ақшаны оңды-солды шашқанша, жаңа мектеп салғаны құба-құп болар еді дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу