"Мектептің кіре берісінде": Ақтауда мектеп күзетшісі бала зорламақ болған

912

Ақтауда №10 мектептің күзетшісі бала зорламақ болды деген күдікке ілінді, деп жазады inbusiness.kz сайты Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

"Мектептің кіре берісінде": Ақтауда мектеп күзетшісі бала зорламақ болған Фото: lada.kz

"Бұл сұмдық жайт біздің мектепте орын алған. 52-53 жас шамасындағы ер адам мектептің кіреберісінде отырған. Сосын қызды шақырып, күзет бөлмесіне кіргізген. Қызға тисіп, зорламақ болған. Баланың қалай құтылғаны белгісіз. Камера тұрса да осылай жасапты. Құдай сақтады", – делінген мектеп ата-аналарының WhatsApp тобына жіберілген аудио хабарламада.

Белгілі болғандай, оқушы қыздың анасы полицияға арыз түсірген. Мектеп те оқиғаның 12 мамыр күні болғанын растаған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", – делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу