Аустралияның Мельбурн қаласында әзірге белгісіз көлік жаяу жүргіншілерге шабуыл жасады. Осының салдарынан кемінде 20 адам жарақат алды, араларында бала да бар, деп хабарлайды Daily Mail Australia басылымына сілтеме жасаған "КоммерсантЪ".
Расталмаған мәліметтер бойынша, үш адам қаза тапқан. Оқыс оқиға жергілікті уақыт бойынша 13:30-да болды. Бұл түскі үзіліс кезі болғандықтан, көшеде халықтың қарасы көп болған.
Reuters хабарлауынша, көлік қалай болса солай жүріп келе жатқан. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, осы сәтте оқ атылғаны естіліпті. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр. Көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу