Джорджа Мелони Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы достық ниеті үшін алғыс айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Болашақты терең пайымдап, тың мүмкіндіктерге жол ашатын көшбасшымен бірге жұмыс істеу – мен үшін үлкен қуаныш. Италия мен Қазақстан арасындағы байланыстарды нығайта отырып, энергетика, аса маңызды минералдар және жоғары білім беру салаларындағы стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытып келеміз. Екі ел халқының өсіп-өркендеуі мен әл-ауқаты үшін осы бағыттағы жұмыстарымызды одан әрі жалғастыра береміз", – деді ол өз парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу